Aspiolucius esocinus

Шортантәрізді ақмарқа

Таксондық классификация
Тип Хордалылар (Chordata)
Клас Балықтар (Pisces)
Отряд Тұқытәрізділер (Cypriniformes)
Тұқымдас Тұқылар (Cyprinidae)
Туыс Шортантәрізді ақмарқалар (Aspiolucius)
Түрдің авторы Kessler, 1874
Информация
Қысқаша сипаттамасы Туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Амудария мен Сырдария су алқабының өзендері, каналдары мен су қоймаларының тегістіктегі бөліктерінде тіршілік етеді. Ұзындығы 50 см - ден асады, салмағы - 3 кг. Саны барлық жерде көп болмайды. Соңғы жылдары таралу аймағы, негізінен Қазақстанда, тарылды. Өзендердегі су құрылыстарының және суару жүйелерінің әсерінен бізде жойылып кету қаупы бар; соңғы 40 жылда кездеспеген. Қолдан өсіру биотехникасын зерттеп, оны республикада қолдан өсіруді ұйымдастырып, сондай-ақ суару жүйелеріне өткізбейтін шараларды күшейтү керек.

Егерде Сізде ескерту, ұсыным және басқа информация болса, жасаушыға жіберуіңізді өтінеміз.