Қазақстанның Қызыл Кітабы ::: Арал қаязы (Barbus brachycephalus brachephalus)

Barbus brachycephalus brachephalus

Арал қаязы

Таксондық классификация
Тип Хордалылар (Chordata)
Клас Балықтар (Pisces)
Отряд Тұқытәрізділер (Cypriniformes)
Тұқымдас Тұқылар (Cyprinidae)
Туыс Қаяздар (Barbus)
Түрдің авторы Kessler, 1872
Информация
Қысқаша сипаттамасы Туыстың Қазақстандағы екі түрінің біреуіне қатысты наминатипты түршесі. Оның табиғи таралу аймағы Арал теңізінің су алабы. Бұрын жылына 1743 т дейін ауланса, 1978 жылдан бері аулау тоқтатылды. Балқаш-Іле су алқабына жерсіндірілген. Ұзындығы 1 м асады, салмағы 22 кг шамасында. Бұл қаяздың өтпелі түрінің жойылып кету қаупы бар, ал жергілікті түрінің барлық жерде де саны азаюда, оның себебі, су жүйелеріндегі бірқалыптылықтың бұзылуы. Өзбекстанның қызыл кітабына енгізілген (1983). Қолдан өсіріп, балықтарды қорғаушы құрылыстарды жетілдіруді іске асыру керек.

Егерде Сізде ескерту, ұсыным және басқа информация болса, жасаушыға жіберуіңізді өтінеміз.