Barbus capito conocephalus

Каспий қаязы

Таксондық классификация
Тип Хордалылар (Chordata)
Клас Балықтар (Pisces)
Отряд Тұқытәрізділер (Cypriniformes)
Тұқымдас Тұқылар (Cyprinidae)
Туыс Қаяздар (Barbus)
Түрдің авторы Kessler, 1872
Информация
Қысқаша сипаттамасы Қазақстанда саны тез азайып келе жатқан түрше. Арал су алқабында және Шу өзенінде тіршілік етеді. Шу өзенінде 1980 жылдардың аяғында жойылып біткен болу керек. Республикамызда бұрын да көп болмайтын, тек әуесқойлықпен ауланайтын. Шардара су қоймасында қосалқы түр ретінде ауланған. Арал қаязына қарағанда майда, тұщы судың кадімгі жергілікті балығы. Ұзындығы 70 см, салмағы 5,3 кг дейін. Қолдан өсірілмеген. Табиғи көбейетін жерлерін, басқа түрлермен (арал қаязы, қарабалық) будандасу шектерін зерттеу керек.

Егерде Сізде ескерту, ұсыным және басқа информация болса, жасаушыға жіберуіңізді өтінеміз.