Қазақстанның Қызыл Кітабы ::: Көкбас (Schizothorax argentatus pseudaksaiensis)

Schizothorax argentatus pseudaksaiensis

Көкбас

Таксондық классификация
Тип Хордалылар (Chordata)
Клас Балықтар (Pisces)
Отряд Тұқытәрізділер (Cypriniformes)
Тұқымдас Тұқылар (Cyprinidae)
Туыс Қара-балықтар (Schizothorax)
Түрдің авторы Herzenstein
Информация
Қысқаша сипаттамасы Жойылып біткен эндемикті популяция болуы мүмкін; 20 шақты жылдан бері кездеспеген. Тілікшеқарынды тұқылардың ішіндегі ең ірісі (үзындығы 100 см, салмағы 12 кг), балқаш қарабалығының экотипы. Санының азаюына себеп болғандар - өзен ағысын реттеу, кәсіби аулау және жерсіндірілген басқа балықтармен (жайын, көксерке) бәсекеге түсуі. Қолдан өсіру тәжрибелерінің қорытындысы үміт күтетіндей. Қолдан өсіруді ұйымдастыру үшін түрдің таралу аймағынан осыған ұқсас экоморфтарды іздестіру керек, Іле өзеніне қайтара жерсіндіру де мүмкін шығар.

Егерде Сізде ескерту, ұсыным және басқа информация болса, жасаушыға жіберуіңізді өтінеміз.