Қазақстанның Қызыл Кітабы ::: Таймен (Hucho taimen)

Hucho taimen

Таймен

Таксондық классификация
Тип Хордалылар (Chordata)
Клас Балықтар (Pisces)
Отряд Албырттәрізділер (Salmoniformes)
Тұқымдас Албырттар (Salmonidae)
Туыс Таймендер (Hucho)
Түрдің авторы Pallas, 1773
Информация
Қысқаша сипаттамасы Саны тез кеміп келе жатқан Қазақстан суларындағы туыстың жалғыз түрі. Саны-ның азаю себебі - өзендерде су құрылыстарын салу нәтижесінде уылдырық шашатын жерлерінің жойылуы және бейберекетсіз оулау. Бұрын Ертіс су алқабында, су қоймаларын қоса, кең тараған еді. Соңғы жылдары таралу аймағы біршама тарылды - Ертістің сол жақ салалары мен Өскемен су қоймасында кездеспейді. Қолдан өсірілмеген. Жаздағы ұзындығы 80 см, салмағы 10 кг - асқанмен, 70 см қысқаларын аулауға болмайды. Артына ұрпақ қалдыруға дайын балықтардың табиғи уылдырық шашатын жеріне аман-есен жетуіне қамкорлық жасап, өрістеу кезінде қорғау қажет.

Егерде Сізде ескерту, ұсыным және басқа информация болса, жасаушыға жіберуіңізді өтінеміз.