Қазақстанның Қызыл Кітабы ::: Каспий миногасы (Caspiomyzon wagneri)

Caspiomyzon wagneri

Каспий миногасы

Таксондық классификация
Тип Хордалылар (Chordata)
Клас Балықтар (Pisces)
Отряд Миногатәрізділер (Petromyzoniformes)
Тұқымдас Миногалар (Petromyzontidae)
Туыс Каспий миногалары (Caspiomyzon)
Түрдің авторы Kessler, 1870
Информация
Қысқаша сипаттамасы Туыстың жалғыз түрі. Өзендерде су қүрылыстарын салу нәтижесінде көбею жағдайының өзгеруіне байланысты бүкіл Каспий алқабында саны өте жылдам кеміп келе жатыр. Теңіз жағалауына жақын, Әзірбайжаннан Жайық өзеніне дейін, таралған. Уылдырық шашу үшін теңізге құятын көпшілік өзендерге өрістейді. Алғашқы 4-5 жылғы өмірін (түрленгенше) өзендерде өткізеді. Ересектері теңізге құлайды, онда 55 см дейін өседі. Олардан өнім алу үшін қолдан өсіріп, дернәсілін (личинкасын) табиғи ортаға жіберу мүмкін сияқты. Дернәсілдердің өзендерде топтасатын жерлерін және теңіздегі ересектерінің биологиясын анықтай түсу керек.

Егерде Сізде ескерту, ұсыным және басқа информация болса, жасаушыға жіберуіңізді өтінеміз.