Perca schrenki

Балқаш алабұғасы

Таксондық классификация
Тип Хордалылар (Chordata)
Клас Балықтар (Pisces)
Отряд Алабұғатәрізділер (Perciformes)
Тұқымдас Алабұғалар (Percidae)
Туыс Алабұғалар (Perca)
Түрдің авторы Kessler, 1874
Информация
Қысқаша сипаттамасы ТҚХО-ның Қызыл кітабына енген эндемикті түрдің популяциясы - жерсіндірілген жыртқыштардың қысымынан көбею жағдайы нашарлағандықтан және су саласының өзгергендігінен саны өте жылдам азайып кетті. Алабұға бұрын Балқаш-Іле су алқабында кәсіби аулауда 2-3 орынды алатын (жылына 2300 т дейін). 1970 жылдардан кәсіби аулаудан қалды, Іле өзенінің көптеген тұйық қосалқы суларында құрып кетті. Соңғы жылдары бұл популяцияның осы тығырықтан шығатындай ыңғайы білінді. Қолдан өсірілмеген. Популяцияның жағдайын қадағалап, оңашаланған суларда қорықтар үйымдастыру керек. Ұзындығы 50 см, солмағы 1,5 кг дейін.

Егерде Сізде ескерту, ұсыным және басқа информация болса, жасаушыға жіберуіңізді өтінеміз.