Қазақстанның Қызыл Кітабы ::: Еділ майшабағы (Alosa kessleri volgensis)

Alosa kessleri volgensis

Еділ майшабағы

Таксондық классификация
Тип Хордалылар (Chordata)
Клас Балықтар (Pisces)
Отряд Майшабақтәрзділер (Clupeiformes)
Тұқымдас Майшабақтар (Clupeidae)
Туыс Майшабақтар (Alosa)
Түрдің авторы Berg, 1913
Информация
Қысқаша сипаттамасы Республика суларында, өзендердегі уылдырық, шашатын жерлерінің жойылуынан және ретсіз аулаудың нәтижесінде саны өте жылдам кеміп келе жатқан өтпелі балық. Солтүстік Каспий су алқабында тіршілік етеді, бұрын онда ауланатын майшабақтардың негізін құраған. Жайық (бұрын 300 шақырымға дейін өрістейтін), Еділ, Терек өзендерінде уылдырық шашатын. Теңізде жайылып, ұзындығы 40 см, салмағы 600 г жететін. Таралу аймағының Қазақстандық бөлігінде бұрын да көп болмайтын, ал кәзір өте сирек кездеседі. Табиғи көбеюіне қамқорлық жасап, қолдан өсіру биотехникасын іске асыру қажет.

Егерде Сізде ескерту, ұсыным және басқа информация болса, жасаушыға жіберуіңізді өтінеміз.