Aquila heliaca

Қарақұс

Таксондық классификация
Тип Хордалылар (Chordata)
Клас Құстар (Aves)
Отряд  (Falconiformes)
Тұқымдас  (Accipitridae)
Туыс  (Aquila)
Түрдің авторы Savigny, 1809
Информация
Қысқаша сипаттамасы Сирек, саны кеміп бара жатқан түр. Қазақстанда солтүстік ендік бойынша 53-ші градусқа дейін кең тараған; ол тек биік таулар мен мүлдем орманы жоқ аудандарда ғана кездеспейді. Саны белгісіз, бірақ 50-60-шы жылдардағы күрт төмендеуден кейін қайтадан қалпына келуі өте баяу жүрсе, ал кейбір жерлерде - мүлдем жоқ. Басқа бүркіттер сияқты электр жүйесін тарату тіректерінде жиі өлім-жітімге ұшырайды, кейде бүркіт орнына аулаушы қүс ретінде қолда ұстау үшін ұядан да балапандарын алады. Қарақұсты қорғау үшін үгіт насихатты жандандыру, белгілі ұя салатын орындарды қорғау және орманы жоқ, аудандарда оларды ұялауға тарту үшін ағаш басына жасанды ұялар тұғырын жасау қажет.

Егерде Сізде ескерту, ұсыным және басқа информация болса, жасаушыға жіберуіңізді өтінеміз.