Capoetobrama kuschakewitschi orientalis

Сүйрікқанат

Таксондық классификация
Тип Хордалылар (Chordata)
Клас Балықтар (Pisces)
Отряд Тұқытәрізділер (Cypriniformes)
Тұқымдас Тұқылар (Cyprinidae)
Туыс Сүйрікқанаттар (Capoetobrama)
Түрдің авторы G.Nikolsky
Информация
Қысқаша сипаттамасы Туыстың тек Арал су алқабында тіршілік ететін жалғыз түрінің эндемикті түршесі. Аз зерттелген, сирек кездесетін балық, мүмкін жойылып біткен де шығар. Денесінің үзандығы 16 см артпайды. Табиғи таралу аймағы - Бішкек қаласынан төменгі Шу өзенінің су алқабы. 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы деректер жоқ. Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың әртүрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан өсірілмеген. Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген. Оның таралу аймағын және табиғи көбею мүмкіндігін анықтау үшін бұл түрді іздестіруді жалғастыру керек.

Егерде Сізде ескерту, ұсыным және басқа информация болса, жасаушыға жіберуіңізді өтінеміз.